Жарнама
Жарнама

«Фенербахче», «Самсунспор» жоқ «Бешикташ»? Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысына түркиялық клубтар таласуда

28.10.2025, 15:44

Испаниялық AS басылымының мәліметіне сенсек «Елімайдың» жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебекке Түркия Суперлигасының қос ұжымы қызығушылық тантып отырған ұқсайды.

Ғалымжан Кенжебек голын тойлауда
Жарнама
Жарнама

Әзірге, олардың аты аталмай отыр. Бірақ, түркиялық скауттар «Қайрат» түлегі туралы ақпарат жинап жатыр делінген. Ғалымжан Кенжебек Словакиядан оралған соң «Елімай» сапында мансабын жандандырып, жемісті өнер көрсетті – 11 матчта 6 гол мен 4 ассист. Сондай-ақ, жартылай қорғаушы Қазақстан құрамасының сапында Лихтенштейнмен болған матчта 2 гол салып, голдың 1 пас берген болатын. Соның арқасында ӘЧ-2026 іріктеуінің 7-турының символикалық құрамына енді.

23 жастағы футболшының трансферлік құны 225 мың еуро. Ғалымжан Кенжебектің жыл соңына дейін семейлік клубпен келісімшарты бар.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров