Жарнама
Жарнама

Ферапонтов қазақ футболын өрге сүйрейді

02.06.2020, 19:17
Бұл маман жайлы мақтау сөз көп.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан футбол мамандары отанымызда жүріп тәжірибие жинап, шет ел біріншіліктеріне ауысып жатыр. Солардың бірі бас бапкердің көмекшісі болып жүрген Андрей Ферапонтов. Ол елімізде «Ордабасы», «Іле-Сәулет», «Ақтөбе», «Қайрат» секілді клубтарда қызмет етті. Андрей кезінде футболшы ретінде ресейдің «Черноморец» клубында өнер көрсеткен. Тізесінің ауыр жарақаты оған футболшы ғұмырын ерте аяқтатқызды. Дегенімен ол бапкерлік қызметте біраз белестерді бағындырды.

  • Андрей ФЕРАПОНТОВ- «Рух» ФК бас бапкерінің көмекшісі:
  • Мен 2012 жылы бірінші лига клубы «Іле-Сәулетті» баптадым. Сол жылы біз бірінші лиганы жеңдік. Кейін 2014жылы «Оқжетпеспен»де жетістікке жеттім. Клуб жоғарғы дивизионға жолдама алды. 2017 жылы Алексей Петрушинмен бірге «Ордабасы» командасын баптап, қола жүлдегер атандық. Сол кезде «Ордабасы» тарихындағы ең үздік көрсеткіш сол болатын.

Қазір Белорусь біріншілігіне бөлініп тұрған назар ерекше. Карантинге қарамастан олар футболды тоқтатпады. Қазақстанда «Рух» командасында ойнайтын Владислав Васильевке де назар аударылады. Сондай-ақ Ферапонтовтың да бұл чемпионатта өзін толық аша алуы да мамандарға қызық болып отыр.

  • Әлбетте, мұнда жұмыс істеген қызық. Мен бұл жаққа тәжірибие жинауға келдім. Жаңа стадиондар, жаңа клубтар, жаңа қалалар барлығы да мен үшін қызық. Оның барлығы көкжиегіңді кеңейтеді. Менің мамандығым үшін ол қатты керек. Оның үстіне Белорусь чемпионаты жайлы көп біле бермейміз. Егер екі елдің біріншілігін салыстырар болсақ нақты бір жауап айту қиын. Көзге бірінші болып түскені Белоруссиядағы футбол инфроқұрылымы. Қазақстанда бұл жағы ақсап жатыр. Белоруссиядағы жасыл алаңдарға 4 деген баға қояр едім.

Соңғы жылдары Белоруссияда бәсекелестік артты. Мұнда үнемі БАТЭ чемпион бола беруші еді, өткен жылы Брест қаласының «Динамосы» олардың алдын орап кетті. Ал жалпы командалардың деңгейі біркелкі.

  • Қазақстанда көп мәселе бірінші айналымнан кейін-ақ шешіліп қояды. «Ордабасы», «Қайрат», «Астана» 8-10 ұпай айырмашылығымен алға шығып кетеді. Ал мұнда «Слуцк» алға озып шықты. Бұл клубтан ондайды ешкім күтпеген еді. Мысалы біз жоғарғы дивизионға жаңадан шықсақ та, басшылық еурокубокке жолдама алыңдар деп

Ендеше біз қазақстандық бапкердің ауыр да қиын жұмысына жеңілдік берсін деп тілейміз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров