Ағылшын Премьер-лигасының 11-ші туры аясында "қызыл сойқандар" сырт алаңда "Вест Хэмді" 1:3 есебімен жеңді.
"Манчестер Юнайтедтің" көшбасшысына айналған Бруно Фернандеш ойынның екінші жартысында алаңға алмасып кірді. Екінші таймның ішінде футболшы қарсылас қақпасына сегіз бірдей қауіпті сәт ұйымдастырған. Бұл көрсеткіш Ағылшын Премьер-лигасының жаңа рекорды болып табылады.
Ойын қортындысы бойынша Уле-Гуннар Сульшер шәкірттері турнир кестесінің төртінші орнына жайғасты. "Қызыл сойқандар" келесі ойынды 8-ші желтоқсан күні Чемпиондар Лигасында сырт алаңда "РБ Лейпцигке" қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: FONBET