Жарнама
Жарнама

Фернандо Торрес бапкерлік мансабын бастады

18.01.2021, 00:29
Экс-шабуылшы «Атлетико» жастарын жаттықтырмақ.
Жарнама
Жарнама

"Атлетиконың" бұрынғы шабуылшысы Фернандо Торрес "Атлетико Б" клубының бапкерлер штабына қосылды.

Торрес өткен жылдың қыркүйек айында мадридтік клубтың U16 командасының бапкерлер құрамына қосылған болатын. "Атлетико Б" командасы В сегундасында ойнайды, олар 8 матчта 5 ұпай жинап, 10 команданың ішінде 9-шы орында тұр.

Торрес - Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпазы, Испания құрамасы сапында Еуропаның екі дүркін чемпионы және әлем чемпионы. Ол футболшы ретінде "Атлетико Мадрид", "Ливерпуль", "Челси", "Милан" және "Саган Тосу" клубтарында доп тепкен.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров