Португалиялық маман Фернанду Сантуш Әзербайжан ұлттық құрамасының тізгінін ұстауды тоқтатты. 70 жастағы бапкердің келісімшарты екіжақты келісім негізінде бұзылды. Енді алдағы матчқа команданы жастар құрамасының жаттықтырушысы Айхан Аббасов дайындайды.
Сантуш Әзербайжан құрамасын 2024 жылдың жазында қабылдаған болатын. Алайда оның кезеңі сәтсіз өтті, команда 11 матчтың тек екеуінде тең ойнап, тоғызында жеңілді. Бұл кездесулерде құраманың доп айырмасы 4:29 болып тіркелді.
Соңғы сәтсіздіктің бірі өткен аптада орын алды. Әзербайжан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында Исландиядан 0:5 есебімен жеңілді. Бұл нәтиже Сантуштың қызметінен кетуіне басты себептердің бірі болды.
Әзербайжан құрамасы іріктеудегі келесі ойынын 9 қыркүйекте Украинаға қарсы өткізеді.
Айта кетейік, Фернанду Сантуш Еуропаның атақты клубтары мен ұлттық құрамаларын жаттықтырған тәжірибелі маман. Ол "Бешикташ", "Бенфика", "Спортинг", "Порту”, "ПАОК”, "АЕК", "Панатинаикос" секілді клубтарда еңбек еткен. Сонымен қатар, Грекия, Польша және Португалия құрамаларын басқарды. Португалиямен бірге ЕУРО 2016 чемпионы атанып, 2019 жылы Ұлттар лигасын жеңіп алған.
Біздің серіктес: FONBET