Халықаралық футбол федерациясы 2026 жылға арналған халықаралық дәрежедегі төрешілердің тізімін ресми түрде бекітті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Биыл еліміздің 21 төрешісі осы мәртебені алып, әлемдік деңгейдегі кездесулерге қазылық ету құқығына ие болды.
Бұл мәртебе отандық мамандарға ФИФА мен халықаралық конфедерациялардың аясында өтетін ең жоғары деңгейдегі турнирлерде, соның ішінде әлем чемпионатының іріктеу кезеңдері мен маңызды халықаралық жарыстарда қызмет атқаруға жол ашады.
ФИФА төрешілерінің тізімі:
Төмендегі мамандар 2026 жылы халықаралық аренада ел намысын қорғайды:
Бас төрешілер және VAR (бейнеқайталау) төрешілері:
• Арман Исмуратов – FIFA рефериі, VAR
• Саят Қарабаев – FIFA рефериі, VAR
• Данияр Сахи – FIFA рефериі, VAR
• Болат Сариев – FIFA рефериі
• Татьяна Сорокопудова – FIFA рефериі
Көмекшілері (ассистенттер):
• Дмитрий Белоградов, Евгений Бельский, Алексей Долгих, Динара Идрисова, Сергей Калачев, Денис Лабашов, Наргис Магау, Самат Тергеусізов, Юрий Тихонюк, Сергей Васютин.
Футзал және жағажай футболы:
• Аслан Галиев, Нұрлыбек Қалимағанбетов, Төрехан Тұрсымбаев – FIFA рефериі (футзал)
• Роман Дзусов – FIFA рефериі (жағажай футболы)
VAR мамандары:
• Сәкен Байымбет – FIFA VAR
• Айдын Тасыбаев – FIFA VAR
Айта кетейік, халықаралық мәртебенің жыл сайын бекітілуі отандық төрешілер мектебінің деңгейі мен кәсіби біліктілігінің тұрақтылығын көрсетеді.
Біздің серіктес: FONBET