ФИФА-ның бас хатшысы Валькенің айтуынша, барлық билеттің 70 пайызының құны төмендетіледі. Яғни, Бразилияда өтетін әлем чемпионатында сатылатын билеттер футбол тарихындағы ең арзан билеттер ретінде тарихта қалуы мүмкін. Бір билеттің нақты бағасы 19 шілдеде хабарланады деп күтілуде. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бразилия қалаларында бірнеше күн бойына қарсылық акциялары жүріп, халық Әлем чемпионатына кететін үлкен шығынға наразылығын білдірген болатын. Өйткені, елдегі әлеуметтік жағдай жыл сайын төмендеп барады дейді сарапшылар.
бақ.кз
Біздің серіктес: FONBET