2025 жылғы Клубтар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалында ойнайтын Англияның "Челси" және Бразилияның "Флуминенсе" командалары арасындағы матч билеттерінің бағасы 36 есеге төмендеді. Бұл туралы The Athletic басылымы хабарлады.
Ақпарат көзінің мәліметінше, қазіргі уақытта матчқа билет құны 13,4 доллар ғана. Ал үш күн бұрын, яғни 72 сағат бұрын сол билеттердің бағасы 473,9 доллар болған. Енді билет бағасы стадиондағы сырадан (14 доллар) немесе тағамнан (15 доллар) да арзан екені атап өтілуде.
Матч 8 шілде, сейсенбі күні өтеді. Ал 9 шілде күні екінші жартылай финалда "Реал Мадрид” пен “ПСЖ” кездеседі.
Клібтар арасындағы әлем чемпионаты АҚШ-та өтіп жатыр. Турнирдің финалдық кездесуі 13 шілдеге жоспарланған.
Біздің серіктес: FONBET