Жарнама
Жарнама

ФИФА президенті Ташкентте. Өзбекстан - Орталық Азия футболының жаңа орталығы атанбақ

09.09.2025, 14:30

8 қыркүйекте Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Халықаралық футбол федерациясының президенті Джанни Инфантиноны қабылдады. Кездесу барысында тараптар елдегі футболдың даму барысын, халықаралық серіктестікті кеңейту жолдарын және болашақ жоспарларды талқылады.

Жарнама
Жарнама

Инфантино Өзбекстан халқын ұлттық құраманың алғаш рет 2026 жылғы әлем чемпионатының негізгі кезеңіне шығуымен құттықтады. Оның айтуынша, бұл табыс елде жүргізіліп жатқан реформалардың, спортқа жасалған қолдаудың нақты жемісі.

Келіссөздерде футболды басқару жүйесін жетілдіру, жастарды тәрбиелеу, бапкерлер, төрешілер, спорт менеджерлері мен дәрігерлерді халықаралық деңгейде дайындау мәселелері қозғалды. Сондай-ақ, ФИФА-ның техникалық қолдауымен құрылған заманауи Ұлттық футбол орталығының жұмысы атап өтілді.

Өзбекстанда соңғы жылдары футболдың өркендеуіне серпін берген бірқатар ірі оқиғалар өтті. Елде футзалдан әлем чемпионаты жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Енді Ташкентте Орталық Азия елдеріне арналған ФИФА аймақтық кеңсесі ашылатын болды.

Кездесу соңында Өзбекстан Президенті Джанни Инфантиноға ел футболын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін мемлекеттің ең жоғары марапат "Достық” орденін табыстады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров