FIFA президенті Джанни Инфантино өзінің Instagram парақшасында FIFA Series турнирі аясында өткен Қазақстан мен Намибия (2:0) арасындағы кездесудің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Инфантиноның айтуынша, 2026 жылғы FIFA Series турнирі жоғары деңгейде өтіп жатыр. Ол Астана төріндегі жанкүйерлердің ерекше ықыласы мен алаңдағы қолдауына куә болғанына қуанышты екенін жеткізді.
"2026 жылғы FIFA Series турнирі қызған шағында. Қазақстан мен Намибия арасындағы тартысты матчты жалынды жанкүйердің алдында тамашалау өте әсерлі болды.” — деп жазды ФИФА басшысы.
Инфантино тек жеңімпаздарды ғана емес, қарсылас команданың да ойын өрнегіне көңілі толатынын білдірді. Ол футболдың тек есеп емес, ең алдымен елдер арасындағы достық көпірі екенін айтты:
"Қазақстан құрамасын жеңісімен құттықтаймын және Намибияның тамаша ойынын атап өткім келеді. Қос команда да шынайы спорттық рух танытты. Ойын аяқталған соң футболшылардың өзара құрмет көрсеткен сәті өте керемет болды. Бұл — нағыз футболдың сұлулығы.” – дейді Инфантино.
Біздің серіктес: FONBET