ФИФА Бразилия футбол конфедерациясының өтініші бойынша "Ливерпуль", "Манчестер Сити", "Манчестер Юнайтед", "Челси" және "Лидстің" сегіз ойыншысына бес күн бойы клубта ойнауға тыйым салды, деп хабарлайды The Times.
ФИФА бұл шешім туралы клубтарға хабарлап қойған. Эдерсон Мораес, Алисон Беккер, Тиаго Силва, Фред, Фабиньо, Рафинья, Роберто Фирмино және Габриэль Жезус алдағы бес күн бойы өз командасы үшін ойнай алмайды. Мұндай шешімнің шығуына клубтардың бразилиялық футболшыларды өз құрамасына жібермей қоюы себеп болған.
Сондай-ақ Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) "Зениттің" бразилиялық футболшылары Малком мен Клаудиньоға жаза тағайындады. ФИФА-ның тыйым салуына байланысты футболшылар Ресей Премьер-лигасының 7-турында "Ахматпен" (11 қыркүйек) және Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде "Челсимен" болатын ойынға (14 қыркүйек) қатыса алмайды.
Біздің серіктес: FONBET