Asean Football порталы 2026 жылы өтетін FIFA Series турнирлер сериясы туралы маңызды деректермен бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бұл халықаралық жоба аясында әлемнің әртүрлі құрлықтарынан жиналған ұлттық құрамалар өзара жолдастық кездесулер өткізеді.
Қазақстан — турнир қожайындарының бірі
Биылғы серияның басты жаңалығы — Қазақстан турнир өткізуші елдердің тізіміне енген. Дегенмен, елімізге қай мемлекеттердің құрамалары келетіні әзірге белгісіз. Қатысушылар тізімі жақын арада жарияланбақ.
Көршілес Өзбекстан да бұл доданы қабылдайтын елдердің қатарында. Онда Габон, Исландия, Тринидад және Тобаго құрамалары бақ сынайтыны нақтыланды.
FIFA Series 2026 географиясы
ФИФА-ның бұл жобасы Азия, Еуропа, Африка, Океания, КОНКАКАФ және Оңтүстік Америка құрамаларын бір алаңда тоғыстыруды көздейді. Турнир мына елдерде ұйымдастырылады:
Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Австралия, Индонезия, Жаңа Зеландия, Пуэрто-Рико, Руанда, Маврикий.
“FIFA Series 2026 бастау алды! Бұл — жаһандық футбол саяхатының бастауы. Әр матчтың мәні зор, әр гол маңызды.” — деп хабарлайды дереккөз.
Қазақстандық жанкүйерлер үшін бұл — елімізге бұрын-соңды келмеген экзотикалық құрамалардың ойынын өз көзімен көруге берілген тамаша мүмкіндік.
Біздің серіктес: FONBET