Өзбекстан құрамасы кеше ғана Орталық Азия ұлттарының Кубогін ұтты.
ФИФА президенті Джанни Инфантино осы аймақтағы ең озық ел деп Өзбекстанды танитынын тілге тиек етіп, алдағы уақытта осында ірі жарыстарды өткізуге жоспар барын айтты. Халықаралық ұйым Өзбекстанда Орталық Азия елдеріне арналған техникалық офисін ашып, ауқымды шаруаларды бірлесе атқаруды көздеп отыр. Ендігіде Өзбекстаннан халықаралық деңгейдегі төрешілер, менеджерлер, спорт дәрігерлері мен техникалық мамандарды даярлауға күш салынбақ. Сондай-ақ, ФИФА ең ірі додаларын да Өзбекстанда өткізуге бейіл екенін жеткізді.
Айта кетейік, Өзбекстан ӘЧ-2026 жолдамасын еншілеген болатын.
Біздің серіктес: FONBET