2026 жылғы АҚШ, Мексика және Канадада өтетін әлем чемпионатына арналған алғашқы ресми постер FIFA тарапынан әлеуметтік желілерден алынып тасталды, деп хабарлайды, Aladop.kz.
Постердегі ең үлкен дау – Роналдудың болмауы.
Постерде Эрлинг Холанд, Килиан Мбаппе, Садио Мане, Мохамед Салах, Лионель Месси секілді жұлдыздар бейнеленген.
Алайда Криштиану Роналду бұл постерден орын алмаған. Португалия құрамасынан тек Бруну Фернандеш көрсетілген.
Бұл жағдай жанкүйерлер арасында үлкен резонанс туғызды. Әлеуметтік желілерде:
"Футболдың ең үлкен бет-бейнесі жоқ – түсініксіз"
"Маркетинг жағынан алғанда Роналдудың әсері орасан, оны қоспау ақылға қонымсыз"
"20 жыл бойы Мессимен бірге әр әлем чемпионатының символы болды. Онсыз постер жат көрінеді” – деген пікірлер қарша борады.
Ресми түсініктеме әлі берілген жоқ, бірақ оның жойылуына тікелей Роналдудың болмауы әсер етті деген болжамдар басым.
Жақында Пирс Морганға берген сұхбатында Роналду әлем чемпионатын ұту – оның карьерасындағы ең маңызды жүлде емес екенін айтқан болатын.
"Маған Әлем чемпионатын ұтуды армандайсың ба? деп сұраса, жоқ деп жауап беремін. Бір турнир жеңу – менің тарихтағы орнымды анықтамайды. Алты-жеті матчқа қарап, кім ең мықты екенін шешу әділ емес." – деген еді ол.
Біздің серіктес: FONBET