Жарнама
Жарнама

ФИФА «Жылдың таңдаулы құрамын» жариялады

25.09.2018, 16:30
Жарнама
Жарнама
ФИФА Лондон қаласында өткен маусымның үздіктерін марапаттады. Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығының нұсқасы бойынша жылдың 11 таңдаулы футболшысы анықталды. Бір қызығы, таңдаулы құрамға 2018 жылғы әлем чемпионатының және ФИФА-ның дауыс беруінің қорытындысы бойынша үздік қақпашы атанған Тибо Куртуа таңдаулы құрамға ілінген жоқ. Оның орнына мамандар әлем чемпионатында өрескел қателік жіберген және «Манчестер Юнайтедпен» биыл бірде-бір жүлде ұтпаған Давид де Хеаны қосыпты. Сонымен, ФИФА-ның нұсқасы бойынша таңдаулы 11 ойыншы мыналар: Қақпашы: Давид де Хеа (Манчестер Юнайтед, Испания); ҚорғаушыларДани Алвес (ПСЖ, Бразилия), Серхио Рамос («Реал Мадрид», Испания), Рафаэль Варан («Реал Мадрид», Франция), Марсело («Реал Мадрид», Бразилия); Жартылай қорғаушылар: Лука Модрич («Реал Мадрид», Хорватия), Н'Голо Канте («Челси», Франция), Эден Азар («Челси», Бельгия); Шабуылшылар: Килиан Мбаппе (ПСЖ, Франция), Лионель Месси («Барселона», Аргентина), Криштиану Роналду («Ювентус»/«Реал Мадрид», Португалия).
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров