Жарнама
Жарнама

ФИФА: Жылдың үздік бапкері кім болады?

03.12.2014, 03:31
Жарнама
Жарнама

ФИФА өтіп бара жатқан 2014 жылдың үздік бапкерін анықтау мақсатында 10 үміткердің арасында көп дауыс жинаған үшеуін тандап алды. Олардың арасында Карло Анчелотти («Реал»), Йоахим Лев (Германия құрамасы), Диего Симеоне («Атлетико Мадрид») бар.

Анчелотти биылғы жылы «Реал» клубымен Чемпиондар лигасы, УЕФА Суперкубогы және Испания кубогында жеңіске жетті. Лев баптаған Германия құрамасы әлем чемпионатында топ жарды. Ал Симеоне жаттықтырған «Атлетико» Испания чемпионатында бірінші орын алды. Әйтпесе, соңғы он жылда тек «Реал» мен «Барселона» ғана бас жүлдеге таласып келген еді. Сондай-ақ Чемпиондар лигасында финалында ойнады. Осының алдында 10 үміткер қатарында Хосеп Гвардиола («Бавария»), Юрген Клинсман (АҚШ құрамасы), Жозе Моуринью («Челси»), Мануэль Пеллегрини («Манчестер Сити»), Луи ван Гал (Голландия құрамасының экс-бапкері, қазір «Манчестер Юнайтедте»), Алехандро Сабелья (Аргентина құрамасын баптаған), Антонио Конте («Ювентутің» бұрынғы бапкері, қазір Италия құрамасында) болған еді. Ал әйелдер футболының үздік бапкері атануға Ральф Келлерман («Вольфсбург»), Марен Майнерт (Германия жастар құрамасы), Норио Сасаки (Жапония құрамасы) талас жүргізеді. Жеңімпаздың есімін 12 қаңтарда Цюрихтегі алтын допты табыстау рәсімі кездінде жарияланады.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров