Бүгін чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі болып өтті. Жеребенің қорытындысы мынандай: Еуропа лигасының жартылай финалында Фенербахче - Бенфика, Базель - Челси командалары кездесетін болады. Ал, Чемпиондар лигасында Боруссия - Реал, Бавария - Барселона жұп құрап отыр. 23-24 сәуір күндері алғашқы кездесулер ойналса, жауапты матчтар 30-1 мамыр күндері ойналады.
Финал "Уэмбли" стадионында 25 мамыр күні өтпек.
"Реалға" жеребе жолдас болды деуге болады. "Галатасарай" мен "Боруссия" осы кезеңдердегі ең осал ұжымдар. Өзгелермен салыстырмалы түрде алып қарағанда. Дегенмен Чемпиондар лигасының ең мықты фавориттерінің бірі Манчестер Юнайтедті" корольдік ұжым осыған дейінгі жарыс жолында артта қалдырып өткен болатын. Енді бұл жолы жеребе жағымды түсуде, Жозе бапкер үшін. Мауриньо енді финалға шығу үшін ештеңеден аянбайды. Әрі оның командасы бұл жұпта анық лидер екендігі сөзсіз. "Бавария әлде "Барса". Екі команданың екеуі де оңай болайын деп тұрған жоқ. Дегенмен Жозенің қалауы "Баварияға" түсіп тұрған сыңайлы. Ескі жау атыспаққа жақсы дегенімен, "Барсаның" өзі де "Реалдан" өш алудың ретін қарастырып жүр. Сондықтан егер де, "Баварияның" финалға шығатын мүмкіндігі болып жатса, мадридтіктер қуана түспек. Финалда бәрі де болуы мүмкін, әрине. Бұл - футбол.
Ал Еуропа лигасы ше? Мұнда анық фоварит біреу ғана. Жарысты түгелімен жеңе алатын қауқары бар - Челси. Түріктің "Фенеріне" түк жоқ. Бенфика айналып өтуі тиіс. Финалға ағылшындық ұжымдармен жақсы теке тірес жасай алатын "Базель" шығады дегенге ешкім сене қоймас. Ақсүйектер олармен мәселені ұзаққа созбай шешеді деп күтемін.
Біздің серіктес: FONBET