Финляндияның Kymppipaikka.fi сайты «КупС» клубының Чемпиондар лигасындағы жеңілісін түсіндірді.
«Чемпиондар лигасының екінші кезеңінің қарымта ойынында «Қайрат» Финляндия чемпионы «КуПС» қақпасына жауапсыз үш гол соғып, келесі кезеңге өтті.
Бұл матчта қонақтардың негізгі қақпашысы Йоханнес Крайдльдің таңертең ауырып қалуына байланысты ойнай алмайтыны белгілі болды. Оның орнына қосалқы қақпашы Аату Хакале алмастырды.
Ең өкініштісі, бірінші гол қақпаға оңай кіріп кетті. Екінші гол қорғаныстың қателігінен кірді. Салдарынан «Қайрат» 45 минутта келесі раундтың тағдырын шешіп тастады.
Енді Еуропа лигасының 3-раундында Ригаға жету оңай болып, қақпашымыз жақсы формада және қарсыласымыз «Қайраттан» әлсіз болады деп сенеміз», – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, енді алматылықтар келесі кезеңде Словакия чемпионы «Слованмен» күш сынасады.
Біздің серіктес: FONBET