Жарнама
Жарнама

Флорентино ПЕРЕС: «Моуриньо қуылған жоқ. Бұл екі жақтың ортақ шешімі»

21.05.2013, 15:29
Жарнама
Жарнама

жозе!Корольдік клубтың президенті Флорентно Перес 3 жыл бойы командасын баптаған Жозе Моуриньоға алғыс білдіріп, батырға лайық құрмет көрсетті.

 - Клуб та, біз де өзара келісіп бапкермен қоштасуды ұйғардық. «Реал» командасының ұжымының атынан мен Жозеге үлкен алғысымды айтамын. Расында да осы үш жыл ішінде ол команда үшін үлкен жұмыстар атқарды. «Реалдың» дәстүрге айналған ірі жеңістерін бізге қайта алып келді. Ешкім де жұмысынан қуылған жоқ. Біз Моуриньоны сыйлаймыз. Ал алдағы уақытта «Реалға» қандай бапкер келетінін әлі толық шешпедік – деп сөзін қорытындылады клуб президенті.

Үш жыл ішінде корольдік клубқа келіп жоқтан барды жасаған Жозе бапкердің істеген еңбектері өте көп. Әрине «Реал» бұрын да мықты болған. Бірақ мадридтік команданың жыл сайын Ла лигада екінші орын алып жүргені дәстүрге айналғандай болып еді. Португалдық маманды «Интерден» аттай қалап алған «Реал» басшылығы Жозеден үлкен үміт күткен. Ол үміттер ақталды да. Мәселен алғашқы жылы Испан Кубогі, келер жылы Ла лигада чемпиондық атақты, одан қалса Суперкубокті жеңіп алып «Реал» қоржынына жүлделер қосылды. Корольдік клуб бітіспес қарсыласы «Барселонаны» ұта алатын дәрежеге жетті. Міне, осының барлығы да Жозе Моуриньоның бапкерлік шеберлігінің арқасында еді. Чемпиондар Лигасында да жарқын-жарқын жеңістерге жетіп, жартылай финалға жететін дәрежеге көтерілді. Бірақ мұның бәрі португалдық маманға аздық етті. Өйткені ол баптаған команда міндетті түрде чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанатын. Моуриньо бапкерлік қызметінен бөлек сәнді киінуімен және эмоционалды адам ретінде испан жанкүйерлерінің жадында бірнеше жылдарға дейін сақталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров