Жарнама
Жарнама

Флорентино Перес: «Суперлигадан бірде-бір клуб шыққан жоқ»

22.04.2021, 21:53
Перестің ойында не барын ешкім болжап біле алмауда.
Жарнама
Жарнама

"Реал Мадрид" пен Еуропа Суперлигасының президенті лауазымын иеленген Флорентино Перес турнирдің қазіргі жағдайы туралы айтты.

"Суперлига өлген жоқ, тек уақытша үзіліс алды, біз жобамен жұмыс істейтін боламыз. Турнирдің құрылуына атсалысқан 12 клубтың барлығы келісім-шартқа отырды. Айта кетейін, клубтардың ешқайсысы Суперлигадан кеткені үшін айыппұл төлеген жоқ. Ресми түрде әлі ешкім бұл турнирден шыққан жоқ.

Менің ойымша, Англия Премьер-лигасындағы алты клубтың бірі бұл жобаға шынымен сенімді болған жоқ. Бұл басқаларға өз әсерін тигізді. Мен өте қатты алаңдадым. Мүмкін біз Суперлига жобасын дұрыс түсіндірмеген шығармыз ..." - деп келтірді журналист Фабрицио Романо Перестің сөздерін.

Еуропалық суперлигаға қатысуға келісімін берген 10 клуб бұл жобадан шығу туралы шешім қабылдады. Тек "Барселона" мен "Реал Мадрид" клубтары ғана турнирден шыққан жоқ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров