Жарнама
Жарнама

Forbes тізіміндегі футбол элитасы – Кімнің қалтасы қалың?

10.05.2026, 13:04

Қазақстандық Forbes еліміздегі ең дәулетті 75 бизнесменнің жаңа тізімін жариялады. Тізімге қарап отырып, бір қызық тенденцияны байқауға болады, еліміздің ең ірі кәсіпкерлері тек мұнай мен қаржы нарығын ғана емес, футбол алаңдарын да жаулап алуда, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Топ 25 тізіміне футбол клубтарының тізгінін ұстаған бірден 6 кәсіпкер енді.

– Тимур Турлов (6-орын): “Шахтер” тізгінін ұстаған миллиардердің дәулеті 3,3 млрд долларға бағаланды. 

– Шухрат Ибрагимов (7-орын): Қостанайлық “Тобылдың” жаңа қожайыны 1,6 млрд доллармен үздік ондыққа жайғасты.

– Дінмұхамед Ыдырысов (17-орын): “Тұран” клубының артында тұрған кәсіпкердің байлығы 605 млн долларды құрайды.

– Нұрлан Артықбаев (21-орын): Ақтөбелік жанкүйерлердің үмітін арқалаған “Ақтөбе” басшысының қоржынында 508 млн доллар бар.

– Шахмұрат Мүтәліп  (22-орын): Шымкенттік “Ордабасының” қарқынын арттыруға ниетті кәсіпкер 482 млн доллармен тізімде.

– Сергей Кан (23-орын): Солтүстіктің “Қызылжарын” қолдап жүрген бизнесменнің активтері 450 млн долларға тең.

Бұрын футбол клубтары тек мемлекеттік бюджетке телміріп келсе, қазіргі таңда алпауыт бизнес иелері бұл салаға белсенді түрде келе бастады. Президент тапсырмасы бойынқа, миллиардерлердің футболға келуі — клубтардың инфрақұрылымын жақсартуға, трансферлік саясатты жандандыруға және академияларды дамытуға жаңа серпін бермек.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров