Жарнама
Жарнама

“Фрайбург” қақпашысы Ноа Атуболу “Қайраттың” қарсылас командасына ауысуы мүмкін

Жақын уақытта “Интер” командасы 23 жастағы қақпашымен келіссөздер жүргізбек.

Жарнама
Жарнама

Жалпы Атуболудың германиялық Фрайбург ұжымындағы келісім шарты 2027 жылға дейін жарамды. 23 жастағы қақпашы осы маусымда өз командасы үшін 8 ойын өткізді.

Жас ойыншыны Юлиан Нагельсманн осы жылы Германия құрамасына шақыртыпты. Ал бұл болса, Атуболудың кәсіби мансабындағы дәрежесі өскендігін көрсетеді. 

Еске салсақ, “Интер” “Қайрат” командасының Чемпиондар Лигасындағы қарсыласы. Миландық ұжыммен біздің команда 6 қараша күні “Джузеппе Меаццада” бақ сынайды. 

Айтпақшы, “Интер” ойыншысы атануы мүмкін делінген Ноа Атуболаның жасаған рекорды жайында біздің сайт бұдан бұрын жазып кеткен болатын.

“Фрайбург” қақпашысы қатарынан 5 пенальти қайтарып рекорд орнатты - Футбол жаңалықтары - ALADOP.KZ

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: