"Романың" бұрынғы капитаны Франческо Тотти коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Sky Sport Italia.
Дереккөздің айтуынша, Тотти инфекцияның кейбір белгілері байқалғаннан кейін тексерілген. 44 жастағы экс-футболшының температурасы көтеріліп, әлсіздік байқалған. Тоттидің COVID-19-ға тапсырған сынағы оң нәтиже берді.
Естеріңізге сала кетейік, "Рома" футболшысының әкесі Энцо Тотти осы жылдың қазан айында коронавируст жұқтырғаннан кейін қайтыс болды.
Тотти - "Рома" клубының тәрбиеленушісі. Ол клубта 1992 жылдан 2017 жылға дейін ойнады. Римдік клуб құрамында форвард 785 матчқа қатысып, 307 гол соғып, 139 нәтижелі пас берген. Италия құрамасымен бірге әлем чемпионы (2006) атанды.
Біздің серіктес: FONBET