Жарнама
Жарнама

Франция чемпионаты өтпейтін болды. ПСЖ чемпион

Нидерланды, Бельгия енді бұл тізімге Франция қосылды.
Жарнама
Жарнама

Франция чемпионаты, яғни Лига 1 одан әрі жалғаспайтын болды. Оны бүгін Франция премьер-министрі Эдуард Филип мәлімдеді. "Ірі спорттық жарыстардың ешқайсысы да Франция аумағында қыркүйек айына дейін өтпейді. Біз солай шешім шығардық. Демек, Францияның Лига 1 футбол чемпионаты осы жерден тоқтады деген сөз" деп мәлімдеді премьер-министр мырза.

Ал Испания Ла Лигасының басшысы Хавьер Тебас Франция бұл шешіммен сәл асығыстық танытты деп есептейді. "Германия осы жақында біріншілігін жалғастырып, тез-тез ойындарды ойнап тастамақшы. Жағдай жақсарып келеді. Сондықтан да, асығыс шешім қабылдаған француздарды түсінбеймін" депті.

Бұл жағдайда турнирлік кесте қалай болады деген сауал туындайды. Франция футбол қауымдастығы үш нұсқаны алға тартты.

1) Әр ойында еншілеген орташа ұпай саны

2) Тура қазіргі турнирлік кесте сол күйі қалады

3) Командалар бірінші айналым нәтижесі бойынша орындарды иемденеді

Егер осы үш қағидамен есептейтін болсақ онда бәрібір ПСЖ чемпион атанады. Ал "Марсель" екінші орын алады да, "РЕНН" чемпиондар лигасының іріктеу жарысына қатысады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров