Жарнама
Жарнама

Франция чемпионатында бір ғана гол соққан Месси шынымен де әлемнің үздік ойыншысы ма?

06.12.2021, 22:26
Ал оның бәсекелестері қанша гол соқса да, «Алтын» допқа қол жеткізе алмады.
Жарнама
Жарнама

ПСЖ клубы өз ойынымен және нәтижелерімен дүйім жұртты таң қалдыруды жалғастыруда. Чемпиондар лигасында «Манчестер Ситиден» (1:2) жеңілгеннен кейін париждіктер Франция чемпионатында да қиындықтарға тап болды. Бастапқыда жұлдызды команда «Сент-Этьенді» (3:1) әрең жеңді. Одан кейінгі матчта қарсылас қақпасына 22 рет соққы жасағанымен, «Ниццаны» (0:0) ұта алмады. Ал кеше «Лансқа» қарсы матчтың (1:1) қосымша уақытында гол соғып, масқарадан аман қалды. Бірақ осы осының өзі Почеттино баптайтын команда үшін сорақы нәтиже болып саналады.

Париждіктердің шабуыл шебі өз деңгейінде жұмыс істемеуде: Мбаппе чемпионат сұрмергендерінің үздік бестігінде де жоқ. Неймар «Сент-Этьенмен» болған кездесу алдында чемпионатта бар болғаны үш гол соқты, ал Чемпиондар лигасында мүлдем көзге түскен жоқ. Онысымен қоймай, жарақат алып, бір айға қатардан шығып қалды. Месси Лига 1-дің тоғыз ойынында бір ғана гол соқты. Ол ел біріншілігінде «Нант» қақпасына дебюттік голын соғып, «Сент-Этьенмен» болған матчта үш нәтижелі пастың авторы атанды. Осылайша, Месси 2013 жылдан бергі өзінің ең нашар маусымын бастады. Ол кезде де аргентиналық футболшы Ла Лиганың тоғыз ойынында бір гол соғып, үш ассист жасаған болатын. 

Лео 2007/2008 жылғы маусымның алғашқы 10 матчында да бір гол соғып, үш нәтижелі пас берген екен.

Месси көзге түсе алмай жүргенде, оның бәсекелестері голды қарша боратуда. Роналду «Манчестер Юнайтедке» оралғаннан бері 16 матчта 12 гол мен екі нәтижелі пасты өз еншісіне жазды, ал Левандовски Бундеслиганың 14 ойынында 16 гол және Чемпиондар лигасының бес матчында тоғыз гол соғып үлгерді.

Осындай көрсеткішпен аргентиналық шабуылшы өзінің жетінші «Алтын добын» жеңіп алды. Ал салтанатты рәсімнен кейін Левандовски дортмундтық «Боруссия» қақпасынан екі мәрте саңылау тапты, Роналду «Арсеналға» екі гол соқты.

Тағы бір қызық статистикамен бөлісе кетейін. Осы маусымда ПСЖ Мессисіз өткізген Франция чемпионатының жеті ойынында жеті рет жеңіске жетті, ал онымен бірге тоғыз ойынның бесеуінде ғана жеңіс тойын тойлады.

L'Équipe басылымы аргентиналықтың «Лансқа» қарсы ойынына 10 балдық жүйе бойынша 4 деген баға беріпті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров