Жарнама
Жарнама

Франция Германия құрамасын минималды есеппен жеңді

16.06.2021, 13:50
Германия тарихта алғаш рет Еуропа чемпионатын жеңіліспен бастады.
Жарнама
Жарнама

Еуропа Чемпионатының топтық кезеңінің 1-турында Франция Германия құрамасымен кездесті. Ойын Мюнхендегі (Германия) "Альянц Арена" стадионында өтіп, 1:0 есебімен француздардың пайдасына аяқталды.

Матчтағы жалғыз голды 20-минутта Германия құрамасының қорғаушысы Матс Хуммельс өз қақпасына соғып алды. Ал Поль Погба осы матчтың үздік ойыншысы атанды. Осылайша, "неміс мәшінесі" тарихта алғаш рет Еуропа чемпионатын жеңіліспен бастады.

Франция құрамасы 3 ұпай жинап, F тобының турнирлік кестесінде 2 орынға ие болды. Германия (0 ұпай) - 3 орында тұр. Португалия (3 ұпай) көш басына шықса, Венгрия (0 ұпай) ең соңғы орында тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров