Жарнама
Жарнама

Франция президенті Килиан Мбаппеден ПСЖ-да қалуын өтінді

16.04.2022, 00:40
Президент Килианмен бірнеше рет сөйлескен екен.
Жарнама
Жарнама

Франция президенті Эммануэль Макрон шабуылшы Килиан Мбаппенің ПСЖ-мен келісім-шартын ұзарту туралы келіссөздеріне қатысты. Ол футболшымен бірнеше рет хабарласып, париждік командада қалуын өтінді, деп хабарлайды RTL France.

Француз ойыншысы Макронның мұндай әрекетіне риза болды, бірақ әлі түпкілікті шешім қабылдаған жоқ.

Бұған дейін Мбаппенің «Реалға» ауысу туралы шешім қабылдағаны туралы ақпарат пайда болған еді, бірақ футболшы өз шешімін маусымның соңында жариялауды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ ПСЖ-ны Зинедин Зидан тізгіндесе, 23 жастағы шабуылшының пікірі өзгеруі мүмкін. Футболшының париждік клубпен келісім-шарты 2022 жылдың жазында аяқталады.

Мбаппе Франция чемпионатының осы маусымында 27 ойынға қатысып, 17 гол соқты, 13 нәтижелі пас берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров