Жарнама
Жарнама

Франция құрамасы Бельгиямен болған матчта тамаша камбэк жасап, Ұлттар Лигасының финалына жолдама алды

08.10.2021, 14:09
2:0 есебімен ұтылып жатқан француздар мінез көрсетіп, жеңіске жетті.
Жарнама
Жарнама

УЕФА Ұлттар лигасы аясында Бельгия мен Франция құрамалары арасында жартылай финалдық ойын өтті. Италиядағы "Альянц" стадионында (Турин) өткен кездему 3:2 есебімен Франция құрамасының пайдасына аяқталды.

Бельгия ұлттық құрамасының ойыншысы Янник Феррейра Карраско 37-минутта есеп ашты. 3 минуттан кейін Ромелу Лукаку командасының екінші голын соқты.

62-минутта Франция ұлттық құрамасының ойыншысы Карим Бензема есеп айырмасын қысқартты. Арға жеті минут салып Бенземаға нәтижелі пас берген Килиан Мбаппе пенальтиді сәтті орындады. Осыдан кейін Тео Эрнандес 90-минутта жеңіс голын соғып, Францияны финалға алып шықты.

Дидье Дешам шәкірттері ақтық сында Испния құрамасымен шеберлік байқасады. Финалдық матч 10 қазанда өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров