Франция құрамасының Еуропа чемпионатына баратын құрамы дайын екен

13.12.2020, 03:17
Бұл туралы бас бапкер Дидье Дешам хабарлады.

Франция ұлттық құрамасының бас бапкері Дидье Дешам команданың 2021 жылдың жазында өтетін Еуропа чемпионатына баратын ойыншылардың тізімі дайын екенін айтты.

«Тізім 100%-ға дайын. Наурызға дейін көп нәрсе болуы мүмкін, бірақ мен барлық ойыншылар маусымды жарақатсыз аяқтайды деп сенемін. Мен команданың өзегі болатын ойыншыны анықтадым», - деді Дешам L'Equipe басылымына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, коронавирустық пандемияға байланысты Еуро-2020 турнирі 2021 жылға ауыстырылды. Турнир 2021 жылы 11 маусым мен 11 шілде аралығында 12 қалада өтеді: Санкт-Петербург, Лондон, Мюнхен, Баку, Рим, Бухарест, Копенгаген, Амстердам, Бильбао, Глазго, Будапешт және Дублин. Еуропа чемпионатының финалы Ұлыбритания астанасында өтеді.

Айта кетейік, 2018 жылы Франция құрамасы әлем чемпионы атанды.