Жарнама
Жарнама

Франция құрамасының Қазақстанмен болатын ойынға шақырту алған ойыншылар тізімі жарияланды

06.11.2021, 00:15
Дидье Дешам 23 ойыншыны шақырған екен.
Жарнама
Жарнама

Франция құрамасының 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан және Финляндияға қарсы өтетін матчтарға шақыртылған ойыншылар белгілі болды.

Қараша айында Франция құрамасы Қазақстан (13 қараша) және Финляндияға (16 қараша) қарсы екі кездесу өткізеді. Дидье Дешам қараша айындағы матчтарға шақырылған 23 ойыншының тізімін жариялады.

Қақпашылар: Бенуа Костиль («Бордо»), Уго Льорис («Тоттенхэм»), Альфонс Ареола («Вест Хэм»);

Қорғаушылар: Люка Динь («Эвертон»), Лео Дюбуа («Лион»), Лукас Эрнандес, Бенжамен Павар, Дайо Упамекано (все – «Бавария»), Тео Эрнандес («Милан»), Преснел Кимпембе («ПСЖ»), Жюль Кунде («Севилья»), Курт Зума («Вест Хэм»);

Жартылай қорғаушылар: Маттео Гендузи («Марсель»), Поль Погба («Манчестер Юнайтед»), Адриен Рабьо («Ювентус»), Орельен Тчуамени («Монако»), Н’Голо Канте («Челси»);

Шабуылшылар: Виссам Бен Йеддер («Монако»), Карим Бензема («Реал» Мадрид), Мусса Диаби («Байер»), Антуан Гризманн («Атлетико»), Килиан Мбаппе («ПСЖ»), Кингсли Коман («Бавария»).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров