Жарнама
Жарнама

Францияны тізерлеттік

01.03.2011, 18:21
Жарнама
Жарнама
Футзалдан Бакуде өткен 2012 жылғы Еуропа чемпионатының електік турнирінде Қазақстан құрамасы кәрі құрлықтың бірінші тобында үшінші орын алды. Әміржан Мұқанов жаттықтыратын футзалшыларымыз Әзірбайжан намысын қорғаған Бразилия ойыншыларынан 3:6 есебімен ұтылған соң, азуын айға білеген Испания футзалшыларынан да ұтылды. Есеп – 0:5. Төртінші рет Еуропа чемпионы болуды көксеп жүрген Испанияның азулы құрамасы, шынымен-ақ, қарымды екен. Біздің жігіттер тек осындай деңгейі жоғары командамен ойнап, тәжірибе жинақтағандарын көңілге медеу тұтты. Өз тобындағы соңғы матчта Франция құрамасымен ойнаған Әміржан Мұқановтың шәкірттері 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бір голды команда капитаны Дінмұхамед Сүлейменов соқса, екіншісін француздар өздеріне өздері соқты. Сөйтіп, Қазақстан өз тобында үшінші орын алды. Испания Әзірбайжанды 8:3 есебімен ойсырата ұтып, бірінші орын алса, олардан үш ұпайы кем әзірбайжандықтар екінші орынға ие болды. Автор: Әлихан Жаппар
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров