Жарнама
Жарнама

Францияның үздігі - Насри

24.12.2010, 18:28
Жарнама
Жарнама
Франция құрамасының және лондондық «Арсеналдың» жартылай қорғаушысы Самир Насри, Еуропаның ең беделді France Football журанлының қорытындысы бойынша, Францияның үздік ойыншысы атанды. 23- жасар Насри дауыс берудің қорытындысы бойынша 99,5 балл жинап ағылшындық «Челсидің» жартылайқорғаушысы Флорана Малуда (90 балл)  мен «Лионның» жас қақпашысы Уго Льористі (83балл) басып озды. Бір қызығы,  Насри француздықтар үшін ОАР-дағы сәтсіз Әлем чемптонатына қатысқан жоқ. Ал, Льорис пен Малуда қара құрлықтағы мундиалда Les Bleus-тің негізгі құрам ойыншылары болған. Биылғы ағылшын Премьер-лигасында франциялық  тіреуші жартылайқоғаушы «Арсенал» сапында 14 ойын өткізіп, 8 гол ұрған. 2009 жылы Францияның «Үздік ойыншы» атағын «Бордоның»сол кездері  намысын қорғаған Йоанн Гуркюфф жеңіп алған болатын. Ал, 2007 және 2008 жылдары бұл атақпан мюнхендік «Баварияның» намысын қорғап жүрген, жақында ғана ауыр жарақатынан емделіп болған  Франку Рибери марапатталған болатын. Францияда өнер көрсететін ең үздік шетел футболшы атағын, «ПСЖ» командасын алға сүйреп жүрген Ненеге берілді. Антуана Комбуаренің қол астында доп тебетін 29 – жасар шабуылшы биылғы маусымда Лига 1- де 11 гол соғып үлгерген. Франция астансы Парижге Нене маусым басталар алдында Монако» сапынан ауысқан болатын. Былтырғы жылы бұл атақты «Бордоның» орталық шабуылшысы Маруан Шамах (Марокко) иеленген болса, 2007 жылы аргентиналық Фернандо Кавенаги  ал, 2007 жылы бұл атақпен  швед Йохан Элмандер марапатталған болатын.

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров