Жарнама
Жарнама

Freedom Holding Қарағандыда футбол академиясының жобасын ресми түрде таныстырды

16.07.2025, 19:30

Қарағандыда жаңа футбол академиясы салынады. Ол заманауи жабық спорт алаңды, стадионды және жатақханасы бар кешен болмақ. Бүгін Freedom Holding Corp. өздерінің qjleague парақшасында болашақ академия жобасының макетін жариялады.

Жарнама
Жарнама

Қарағандыда аталған жаңа футбол академиясының жобасын ресми таныстыру рәсімі өтті. Жобаны әзірлеп, қаржыландырып отырған — Freedom Holding Corp.

Жобаны Қарағанды облысының әкіміне жеке өзі таныстыру үшін кәсіпкер Тимур Турлов арнайы келді.

Бұл футбол академиясы өңірдегі ең ірі спорттық инфрақұрылым нысанына айналады және толықтай жекеменшік инвестиция есебінен салынады.

Академия 9,61 гектар аумақта орналасады, ал ғимараттар мен құрылыстардың жалпы аумағы 28 мың шаршы метрден асады.

Жоба аясында стандартты өлшемдегі (105×68 м) жабық спорт кешені, жылыту жүйесімен жабдықталған жаттығу алаңы, 3 500 көрерменге арналған заманауи қауіпсіздік және жайлылық талаптарына сай стадион салу көзделген.

Футбол инфрақұрылымынан бөлек, академияда ұлдар мен қыздарға арналған жатақхана, медициналық пункт, спорттық жабдықтар және гимнастикалық залдар, бассейні бар оңалту аймағы, асхана, конференц-зал, оқу сыныптары мен қызметкерлерге арналған бөлмелер болады.

Сондай-ақ, баскетбол мен волейболға арналған алаңдар, воркаут аймағы, балалар ойын алаңы мен қыздырынуға арналған арнайы орындар қарастырылған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров