ҚФФ атқару комитетінің шешімімен Freedom QJ League жас ойыншылары арасында Республикалық турнир өткізуге коммерциялық құқығын сақтап қалды.
Әр жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан жарыста U-16, U-17, U-18 және қыздардан U-17 санатындағы командалар бас жүлдеге таласып келді.
Мәселен, келесі маусымнан бастап чемпионатқа U-15 командасы қосылатын болады. Сол арқылы қатысушы ұжымдар географиясы кеңеймек.
Турнирдің елімізде кең ауқымда таралуына байланысты Федерация Лига өкілдерімен 2028 жылға дейін арадағы келісім шартты ұзартты.
Айта кетейік, QJ League тек турнир ұйымдастырып қана қоймай, қатысушылардың қонақ үй, жол және тағы басқа шығындарын өтеп беруде. Ал бұл болса, қазірде қаржыдан қысылған командалардың қалталарына ешқандай жүк салмауда.
Біздің серіктес: FONBET