Жарнама
Жарнама

Фрэнк Лэмпард АПЛ клубын тізгіндемек

29.01.2022, 17:30
Қазір бұл клубтың жағдайы өте нашар.
Жарнама
Жарнама

«Челсиде» ойнап, 2019-2021 жылдар аралығында лондондық клубты жаттықтырған 43 жастағы англиялық маман Фрэнк Лэмпард «Эвертонның» бас бапкері атанады. Бұл туралы журналист Фабрицио Романо хабарлады.

Клуб мұндай шешімді басқа мамандармен, атап айтсақ, «Порту» және «Фенербахче» клубтарының бұрынғы жаттықтырушысы Витор Перейра және қазіргі бас бапкердің міндетін атқарушы Дункан Фергюсонмен жүргізген келіссөздерден кейін қабылдады. Нәтижесінде таңдау Лэмпардқа түсті, «Эвертон» бұл маманмен кездесіп, келісім-шарт мәселесін шешіп қойды.

Еске салайық, Лэмпард 2021 жылдың қаңтарынан бері жұмыссыз жүр, Бұрынғы «Челси» футболшысы бапкерлік мансабын «Дерби Каунтиде» бастады. Ол 2019 жылдың қазан айындағы Ағылшын Премьер-лигасының үздік бапкері деп танылды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров