Жарнама
Жарнама

Фрэнк Лэмпард: «Виллиан клуб басшылығымен келіссөзді бастап кетті"

27.12.2019, 04:39
Жарнама
Жарнама

«Челси» бас бапкері Фрэнк Лэмпард бразилиялық шабуылшы Виллианмен клуб басшылығы жаңа келісім-шартты талқылап жатқанын айтты деп хабарлайды Daily Mail.

Айта кетейік, қазіргі келісім-шарты 2020 жылдың жазында түгесіледі.
«Иә, Виллиан қазір келіссөздер жүргізіп жатыр. Менің білуімше осы күндері қаржылық тұстарын анықтау ғана қалды. Ол өте шебер ойыншы. Мен оның осы деңгейінен түспей біраз өнер көрсеткенін қалаймын. Сонымен қатар, Виллиан әріптестерімен өте тығыз қарым қатынаста»,-дейді ағылшын маманы.

Биылғы маусымда Виллиан АПЛ-да 17 ойынға қатысып, 4 гол салған және 3 нәтижелі пас берген.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров