Жарнама
Жарнама

«Фулхэм» Чемпионшиптің жеңімпазы атанды

03.05.2022, 18:53
Лондондық команданың шабуылшысы бір маусымда 43 гол соғып тастады.
Жарнама
Жарнама

«Фулхэм» Чемпионшиптің 45-ші турында өз алаңында «Лутонды» қабылдап, 7:0 есебімен жеңді. Осы жеңістің арқасында «Фулхэм» мерзімінен бұрын чемпион атанып, Англия Премьер-лигссына жолдама алды.

Лондондық клубтың шабуылшысы Александр Митрович бұл кездесуде дубль жасап, жаңа рекорд орнатты. Сербиялық шабуылшы осы кездесуде турнирдегі 42-ші және 43-ші голдарын соқты. Осылайша, Митрович 1992/1993 жылғы маусымда «Портсмут» үшін 42 гол соққан Гай Уиттингемнің рекордын жаңартты.

«Фулхэм» 45 турдың қорытындысы бойынша Чемпионшипте 106 гол соқты. Марко Сильваның шәкірттері «Манчестер Ситиден» (108 гол) кейін екінші дивизионның бір маусымында 100-ден астам гол соққан алғашқы команда атанды. «Қалалықтардың» рекордын бұзу үшін «Фулхэмде» тағы бір матч бар.

Айта кетейік, Англия Премьер-лигасына жолдама алған екі команда әлі анықталған жоқ. Ал жоғары дивизионда ойнаған «Норвич» пен «Уотфорд» келесі маусымда Чемпионшипте бақ сынайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров