Жарнама
Жарнама

Футбол: Амангелді Сейтхан мен Думан Танабас

01.08.2011, 07:33
Жарнама
Жарнама
Қалт жібермей бір минөтті, Тізіп қойып ылғи допты. Дидар Төлеуіш атындағы, Мини футболдан турнирі өтті. Футболшылардың дара ғой бәрі, Дей алмаймыз шабан ойнады. Ойын уақытынан кешігіп келді, «Хабар» арнасының дорогойлары. Жеребеміз тартылды да, «Дала мен қала» газеті мен, Телеканал «Хабар» ойнады. «Дала мен қала» келді дара басып, Анау жерде «Хабар» тұр аран ашып. Әр нәрсеге жүретін жағаласып, Капитаны — Думан болды Танабасов. Ал, «Хабар» бізге жақсы кейіп таныт, Қалмайық бір-бірмізге тұйықталып. Деп қойып маңайына маңғаз сөйлеп, Тұр екен Амангелді Сейітханов. **** Зеріктірмей жастарды, Көп тостырмай пастарды. Таяқ жерге тасталды да, Мини-футбол басталды. Уақыт жетіп, қақпа айналды, Намыс тағы нақ қайралды. Уақыт келіп қақпа айналды. Қайран Думан Танабасов, Воратарист таппай қалды. Берейін сәл сөзіме ерік, Бір топпенен кезігелік. Талтаң-талтаң жүрісімен, Тұрды сосын өзі келіп.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров