Жарнама
Жарнама

Футбол да талай қызық бар

27.08.2011, 23:11
Жарнама
Жарнама
Төрешінің таяғы 50-жылдардың ортасында Иранның Аль-Харвес ауданында төрешілерге ойында тек қана ысқырық емес, соған қоса резіңке таяқ та ұстатыпты. Төрешілерге ескерту мен алаңнан қуу құқығына тағы реті келгенде көңіліңе ұнамаған аяқдопшыны сабап та алуға рұқсат беріліпті. Ойынды көргендердің айтуынша, осы амалдан соң тәртіпсіздік жоқтың қасы болды дейді. Төрешінің арқасында сөйлеп кетті Бұл ерекше қызық оқиғаны 1967-жылы Тунистегі бір стадионынға жиналған көрермендер көріпті. Төреші ойын барысында бір ойыншыны алаңнан қууға шешім қабылдайды. Сөйтсе, ойыннан қуылған футболшы жастайынан сөйлеу қабілетінен айырылған екен. Қазының бұл шешіміне қатты наразылық білдіріп, ашуланған ол кенеттен сөйлеп кетеді. Тәртіп бұзғанының үстіне өзінің балағат сөздер айтуын тоқтатпаған ол төрешінің шешімімен алаңнан қуылады. Сол кездесуде ол алаңнан қуылғанына аса қатты өкіне қоймаған еді. Өйткені ол бұдан былай сөйлей алатын болды. Бәріне бірдей қызыл қағаз Көп кездесе бермейтін оқиғаның бірі Испанияның 2-лигасындағы «Сан Исидро» мен «Олимпико Карранте» кездесуінде болады. Ойынның аяқталуына 3 минут қалғанда төрешілікке наразы болған екі команданың аяқдопшылары жиналып, төрешіні қоршап, наразылықтарын ортаға салады. Осы сәтте төреші еш саспастан қызыл қағазды ойынға қатысқан барлық 22 ойыншыға көрсетіп шығады. Осылайша ойын аяқталған. Тұмандағы шытырман Ағылшын футболының қыстыгүнгі жағдайы елге мәлім. Трибунаны да, алаңды да тұман басады да тұрады. Осындай жағдайда өткен бір ойында есеп 3:3 болып тіркеледі. Бірақ, шабуылшы Джордж Одц «Мен бұл ойында 5 гол соққанымды анық білемін, бірақ олардың қай қақпаға кіргенін байқамаппын» дейді. Сондай-ақ осы ойынның соңында белгілі болғандай, төрешілер бұл кездесуге әр командадан 18 футболшыдан қатысқанын да байқамай қалыпты. Баспен соғылған пенальти Шынымен-ақ ерекше соғылған пенальтиді1971 жылы тамызда полтовалық «Строитель» ойыншысы Александр Молодецкий соғады. Гол егесінің өзі: «Мен жүгіріп келдім де еңкейіп барып қозғалмай тұрған допты баспен соқтым. Гол! Доп оң жақ төменгі бұрышқа түсіпті» - дейді. Иә, бұл голды көзге елестетудің өзі қиын. Бұл жәйт тарихта расында тіркелген екен. 11 метрліктен өз қақпасына Буксхаймдағы (ФРГ) футбол ойнында төреші 11 метрлік айып добын белгілейді. Бұған әлбетте наразы болған аяқ доп шеберлері төрешіге қысым көрсетеді. Алай-бұлай жалынып сұрағанымен, төреші өз шешімін өзгертпей, допты нүктеге қояды. Осы кезде қарсылық білдіруші бір қорғаушы допты бір тебеді, ол дәл барып қақпаға кіріп кетеді. Ал төреші дым болмағандай голды санап, есеп ашылғанын білдіреді. Бұл өз қақпасына пенальтиден соғылған гол әлемдік футбол тарихында әзірге жалғыз болса керек. Үй қамауындағы жанкүйер Жексенбі күндерінің бірінде Италияның Кампос қаласының өрт сөндіру бөлімінде дабыл қағып өрт сөндірушілер межелі жерге келеді. Бірақ, ешқандай от, түтіннің иісі шықпайды. Кенет 2-қабаттан «Құтқарыңдар, өрт!» деген дауыс шығады. Тез арада дауыс шыққан терезеге саты қойылып, үй ішіндегі адам аман-есен жерге түседі. Әй-шайға қарамаған ол стадионға жүгіре жөнеледі. Сөйтсе ол Джовани Круйзароның ойынын сүйіп көретін жанкүйер болып шығады. Бүгінгі маңызды ойыннан қалмау үшін амал жоқ осындай әрекеттерге барады. Өйткені, осы футболға жібермеу үшін әйелі оны сыртынан кілттеп кеткен екен. Әр жексенбі сайын футболдан қалмайтын ол, бұл жолы да әйелінен өз айласын асырады. Ең сорақы гол «Спарта» (Ротердам) қорғаушысының «Барселонаға» 1973 жылы соққан добын дәл осылай атаған екен. Өйткені, ол өз қақпасынан қауіптің бетін қайтарамын деп, допты әуеге теуіп жібереді. Қатты соққан желдің әсерінен доп жарылып, дәл «Барселонаның» қақпасына түседі. Төреші Форес допты айырбастап, футболшылардың қарсылығына қарамастан, голды санаған дейді. Полицейлер футболы Бразилиялық «Какова» футбол клубы жақсы өнер көрсетіп, көзге түсісімен ІІМ шешім қабылдап, команданы таратып жібереді. Неге десеңіз, команда сапы кілең полицейлерден құралады. Олар өздерінің негізгі міндетін атқарудан гөрі футболға тым әуес болып кеткен деседі. Ал олардың жанкүйерлері полицей киімімен стадионға келіп, трибунаны бір түспен әдемі қылып көрсетеді. Қошеметтің бұл ерекше түрі бұрын-соңды болмаған. Сол кездердегі басылымдардың жазуы бойынша қалада қылмыс көбейіп кеткенменен, стадиондағы тәртіп үлгі аларлықтай болыпты-мыс. «Жыртық» қақпашы Британ аралындағы Ридинг атты қаланың футбол командасының қақпашысы Джимми Тейлордың ойынына көп адам наразы болады. Бір маусымда өткізген 27 ойында ол 456 доп жіберіп үлгерген. Орташа есеппен алғанда бір ойында – 17 гол. Доп ұстамаған қақпашы 50-жылдардың соңында өзіндік рекордпен «Югорден» (Стокгольм) командасының қақпашысы ерекшеленеді. Оның командасы бір ойында 18:0 есебімен жеңіп, қақпашыға бірде-бір рет доп ұстатпапты. Ойынға қақпадан қосқан доптың екеуін де доптың артынан жүгірген қорғаушы теуіпті. 4 команда, 44 ойыншы, 2 доп Бұл ерекше ойын 1959 жылы Гельзенкирхенде (ФРГ) болған. Стадион әкімшілігі байқаусызда қолдопшылар мен футболшыларды бір күнге, бір уақытқа шақырып қояды. Ал енді алаңда кім ойнайтынын шешу үшін екі команда қызу тартысқа түседі. Ақыры келісім таппай, төрт команда да алаңға шығып, ойынға кіріседі. Бұл біртүрлі ойында ертеңгі шыққан газеттерде: «Осыншама қиын жағдайда өткен ойындар әйтеуір соңына дейін жетті» деп жазды. Қолдопшылардың есебі 14:2 болып тіркелсе, футболшылар 4:2 деген нәтижемен тарқасады. Гандболдан ұтылған команда ойын соңынан шағым түсіреді. Ал ойынды көрген жанкүйер қауым маусымның мұндай ерекше ойынын көргендеріне еш өкінбеген. Грекиядағы сорақы гол 1978 жылғы Грекия біріншілігінде өнер көрсеткен «Этникос» футбол клубы өз алаңында ПАОК-ты қабылдайды. ПАОК ойыншылары есеп ашып, қуаныштары қойындарына сыймай алаң шетіне барып мәре-сәре болады. Төрешінің ойынды жалғастыруға нұсқағанын да байқамай қалады. Осы сәтті ұрымтал пайдаланған алаң иелері, допты ортадан бастап, бос тұрған қақпаға гол соғады да, есепті теңестіреді. Ермұхамед МӘУЛЕН
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров