2026 жылғы Әлем чемпионаты қарсаңында Халықаралық футбол қауымдастығы кеңесі футбол ережелеріне қатысты екі маңызды түзетуді қарастыруды жоспарлап отыр.
Қазір VAR тек төрт негізгі жағдайда қолданылады:
1. гол соғылған сәттерде,
2. пенальти тағайындауда,
3. тікелей қызыл қағаз кезінде,
4. және ойыншының қателесіп жазаланғанын анықтау үшін.
Алайда жаңа ұсыныс бойынша, енді VAR-ды екінші сары карточка берілетін жағдайларда да пайдалану ұсынылуда. Бұл бастама алдағы уақытта арнайы отырыста талқыланбақ. Егер қолдау тапса, келесі көктемде ереже ресми түрде өзгеруі мүмкін.
Тағы бір өзгеріс – бүйір сызықтан допты ойынға қосу уақытына қатысты.
Қазір көптеген командалар стандартты жағдайларға (аут, бұрыштан беру, айып добы) ерекше мән беретін болды. Әсіресе Ағылшын Премьер лигасында әр клубта алыстан әрі дәл лақтыра алатын ойыншылар бар. Бірақ олардың тым ұзақ дайындалуы ойын ырғағын баяулатып, доптың ойын алаңында болу уақытын азайтады.
Сондықтан кейбір сарапшылар қақпашының допты қолында ұзақ ұстау уақыты сияқты, ауттан лақтыру уақытына да шектеу қоюды ұсынды.
Бұл да алдағы қауымдастық жиналысында қаралатын мәселелердің бірі болмақ. Егер бұл бастама қолдау тапса, көктемде ресми түрде дауысқа салынып, жаңа маусым алдында күшіне енуі ықтимал.
Біздің серіктес: FONBET