Жарнама
Жарнама

ФУТБОЛ-Ф(П)ОЭЗИЯ. Кезің қашан, қарсыласты “асайтын”?

23.09.2011, 17:47
Жарнама
Жарнама
Маза кетіп бұзылады шырқы көп, Дей алмайсың талайларды “жыртып ек” Бүкіл әлем, ойынына тамсанар, Біздің футбол,шығар қашан дүркіреп? Біреулер жүр,казіргі ойын – «тема» деп, Ал ұтылса, төмпештейміз “өләәә” деп. Рас,казір етек-жеңін жинады, Бірдеңе деп айтқан, сірә, Беранек? Футбол емес – боска жүру,тепкілеп Жетіспейді,бізге шалттық, от-жүрек. Англяның қақпасына гол соққан Көкей шалдың ұрпағы,бірақ,ептірек. Кезің қашан, қарсыласты “асайтын”? Ол күндерде кеп қалар-ау, рас,айқын Күн де туар, мактанышпен айтатын “Сергейлер деп сенсация жасайтын”. Рас біздің, біраз доптар жеткен жоқ Гол соқпасаң, нәтижең не – көп терлеп. Демирелдің төбе шашын тік тұрғызд Қонысбайдың немересі тепкен доп. Армандаймын бағымызға, болса ғой деп, гол – себеп Ғайыптан тайып үздік ондыққа кірсе деп. Ұлан десе, алыстан қашып Азияң Кәрі құрлық, бізден ығып жүрсе деп Көңілімде бүр жарады қаншама ой Бір арман бар! – сол шындық боп қалса ғой Одан өзге сұрамас ем біздерге, Орындалса – ашылар ед жан сарай. Біздің ұлттық құраманың үздігі Аяққа доп, байланғандай ойнайтын Лионнельдің Мессиіндей болса ғой! Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров