Жарнама
Жарнама

Футбол ойнап жатырмыз...

17.06.2012, 21:16
Жарнама
Жарнама
Өлеңді жазған: Есей Жеңісұлы
Футбол ойнап жатырмыз... Шуақ нұрлы. Жанкүйерлер шуынан құлақ тұнды. Жұртпен бiрге қолдарын шапалақтап, Бiлдiрместен бiр сұлу жылап тұрды. Қарсыласты қойдық бiз анық тұсап, Қарсы қақпа алдында қауiптi сәт! Қатты соққы! Доп тидi маңдайшаға... Жүгiретiн кез едi жайып құшақ. Мұндай шақта әзiл мен күлкi мақұл... Сол қақпаның таптық-ау кiлтiн ақыр. Бiздер жеңдiк! Қуанған тiлеулестер, Шын ниетпен қолды алып, сiлкiп жатыр... Қарамайтын жанбыз ғой шамасына, Сiңiп кеттiк достардың арасына. ...Көзiлдiрiк киiп ап жылаған қыз... Нелiктен жас толды екен шарасына? Самал соқты, аймалап шуақ нұрлы. Көкейiмде жалғыз-ақ сұрақ тұрды: Көзiлдiрiк көздерiн жасырса да, Сол сұлу қыз нелiктен жылап тұрды? Сол сұлу қыз нелiктен алаңдады? Жұмбақ болып барады маған бәрi. ... Арман қане, дариға-ай, сол бiр ару, Жылап тұрса мен үшiн алаңдағы...
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров