Жарнама
Жарнама

Футбол - поэзия

29.11.2012, 19:28
Жарнама
Жарнама
Соғысып, сүрініп, жара боп, Тебеміз қара кеш ала доп. Шаң қылған алаңды, дәурен-ай, Қалып та барады балалық. Елемей, ескермей жарасын, Шеңгел мен қос терек арасын Алаң қып теуіп жүр ала доп, Таз аяқ қазақтың баласы. Кетесің оқуға, қалаға, Ала доп қалады далада. Желөкпе жастарды жинайтын Қайда екен қолға алар ағалар?.. Бапкер жайлы баллада Бапкер болып кеттіңіз құрамаға, Талайларға болдыңыз үлкен аға. Абыройсыз барасыз қайтып артқа, Қалай ғана жеттіңіз бұған аға? Бапкер болып кеттіңіз құрамаға, Куә болды бұл елім масқараға. Бір доп ұрсақ қуандық ұтқандай боп, Әлде жастар жауынан жасқана ма? Бапкер болып кеттіңіз құрамаға, Талай  доптар енді-ғой қақпамызға. Сіз басқарған кезеңде, іріктеуде, Жарымады-ау қазағым қақпашыға. Бапкер болып кеттіңіз құрамаға, Қандай есеп бересіз сұрағанға. Міндетімді атқардым әйтеуір деп, Күліп бара жатсыз ба құлағанға. Бапкер болып кеттіңіз құрамаға Пайда бар ма енді біз жылағанда. Аяйын деп түрік пен немістерің, Ұпай берер деймісіз жырлағанда. Бапкер болып кеттіңіз құрамаға, Тастап кетіп барасыз не мұраға. Өсер ұрпақ қазақтың ұтылғанын, Шторктің арқасы деп еске ала ма? Бапкер болып кеттіңіз құрамаға, Шипа бар ма жағатын бұл жараға. Үмітсіз шайтан деген, мүмкін әлі, Сіз әперген ұпаймен топ жара ма. Бапкер болып кеттіңіз құрамаға, Ізіңізден сұп – суық жел қала ма? Ағылшынға кіргізген жалғыз допқа Рахмет айтып артыңнан ел қала ма? Бапкер болып кеттіңіз құрамаға Ел аузында атыңыз сақтала ма? Жастарға үміт артып, шапқыздым деп, Бұл ағам сылтау айтып ақтала ма?

Нұрмұхамед МҰРАТБЕК

О, Футбол! Қос қақпалы, төртбұрыш, жасыл алаң. Ішінде тостағанның, асыл алаң. Ортасында қаланың орналасқан. Тостағанға көңілі асық адам. Қызықтың, қуаныштың ошағы бұл. Талайға өкініш те жасады бұл. Жанкүйердің әсем әнін қалықтатып, Әрқашан айқара есік ашады бұл. Аптаның соңғы күні тоқтап жұмыс, Қала жұрты стадионға болды асығыс. Иін тіреп, кептеліс барлық жолда. Тостағанның маңайында болмай тыныс. Стадионда ине шаншар жер қалмады. Келмеген бұл қызыққа ел қалмады. Төрешінің ысқырығын күтіп бәрі, Қарап тұрды алаңға, дем де алмады. Әнұранды шырқады барлық халық, Алаңдағы ойыннан ләззат алып. Шабуылшы қақпаға доп тоғытқанда, Шуылдады барлық ел ұран салып. Доп жіберсе қақпашы, үнсіз тынды. Шығармай біраз уақыт дыбыс, үнді. Тағы да алға шықса командасы, Жанкүйердің айқай үні жарды түнді. Осылай тоқсан минут кетеді өтіп, Қайғы мен қуанышын себелетіп, Матч біткен соң барлық ел тарасады. Әңгіме айтып бір-біріне гу-гулетіп. Ертеңгі әңгіме де сол туралы,

Алаңдағы соғылған гол туралы.

Төреші аңғармастан көрмей қалған, Пенальти берілетін фол туралы. О, футбол құдіретің әлемге аян! Жанкүйерлер жайында еттім баян. Футболдан құдіретті спорт көрмедім! Алты алаш футбол ойна, сен де оян!

Абылай КАРИН.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров