Жарнама
Жарнама

Футбол тарихындағы үздік қорғаушылар белгілі болды

15.12.2020, 03:12
Ең үздік қорғаушы атағына үш ойыншы ие болды.
Жарнама
Жарнама

Францияның құрметті France Football басылымы футбол тарихындағы үздік қорғаушыларды анықтады.

Бразилиялық футболшы, 1994 және 2002 жылғы әлем чемпионы Кафу үздік оң қаптал қорғаушысы деп танылды. Басылым бойынша ең жақсы орталық қорғаушы - Германия құрамасындағы 1974 жылғы әлем чемпионы Франц Беккенбауэр. «Милан» мен Италияның бұрынғы ойыншысы Паоло Мальдини үздік сол қаптал қорғаушысы болып танылды. Басылым үздік қорғаушыларды дауыс беру арқылы анықтады.

Бұған дейін француз басылымы КСРО қақпашысы Лев Яшинді тарихтағы үздік қақпашы деп таныған болатын. Яшин мансабында тек Мәскеулік "Динамоның" намысын қорғады. Ол 1954-1970 жылдар аралығында КСРО құрамасына шақыртылды. Ұлттық құрамамен бірге ол 1960 жылы Еуропа чемпионы болды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров