Жарнама
Жарнама

ФУТБОЛ ТАРИХЫНЫҢ ҰМЫТЫЛМАС СӨЗДЕРІ

28.12.2013, 20:56
Жарнама
Жарнама
phdsotoАяқдопшылар да айтқыш екен. Атақты футболист пен бапкерлердің афоризмдерін сіздер үшін тердік. Оқи отырыңыздар. Серген Ялчынға журналист: Соққан голыңды сүйіктіңе арнаған кезің болды ма? Серген Ялчын: Бір голды екі қызға бірдей арнаған кезім де болды. Йохан Кройф: Дәрігерлер темекіні тастамасаң бұдан былай футбол ойнай алмайсың деді. Мен футболды тастадым. Хосе Луис Ольтраға журналист: Месииді қалай тоқтатуды жоспарлап жатырсыздар? Хосе Луис Ольтра: Гвардиоладан Мессиді ойнатпауды өтінеміз. Йылмаз Вурал: Түркияға шетелден бапкер әкелмеңдер. Мен түрікше ұқтыра алмаймын, олар қалай ұқтырсын? Джордж Бест: 1969-да ішімдікті және әйелдерді тастадым. Өмірімде өткізген ең жаман 20 минут болатын. Алекс Фергюсон: Футбол статистикасы мини юбка секілді. Көп нәрсені көрсетеді, бірақ ең маңызды нәрсені көрсетпейді. Самет Айбабаға журналист: Олжайды неге Месииге алмастырдыңыз? Самет Айбаба: Өйткені бәрінен бұрын ол Кайсерілік. Ал Месиидің қай жақтікі екенін білмейміз. Рон Аткинсон: Өмірімде ешқашан төрешілер жайында пікір білдірмедім және бұл дәстүрімді бүгінгі матчқа төрелік еткен оңбаған үшін де бұзбаймын. Зинедин Зидан: Ұлыммен үйдің бақшасында футбол ойнап жатқанда екеуміз де ең сүйікті футболшыларымыз болып ойнайтынбыз. Ұлым мен болатын, ал мен Роналду. Үміт Өзат: Спарта Праганы Спартада жеңеміз! Златан Ибрахимович: Роналду жолы болғыш адам. Үнемі ең алдыңғы орыннан билет тауып, Мессидің сыйлық алғанын тамашалайды. Марио Балотелли: Менің оның соққан голын жаттығуда ішім пысқан сайын соғамын(Ибрахимовичтің басынан асыра соққан голы үшін айтқаны) Роберто Манчини: Криштиану Роналдуды тоқтату үшін полиция шақыру керек. Толга Зенгин: Такси Олджанның гол соққан жерінен (қақпаға дейін) 20(екі мың теңге) лира сұрар еді. Жозе Моуриньоға тілші: Команда шаршаңқы ма еді? Моуриньо: Шаршау ма? Күніне 15 сағат жұмыс істеп, айына үйіне тек бірнеше жүз еуромен қайтатын әке ғана шаршайды, біз емес. Алекс де Соузаға комментатор: Неге түрікше сөйлемейсің? Алекс де Соуза: Түрікше сөйлесем Самет жұмыссыз қалады. Марио Балотелли: Шакираны Испаниямен ойнайтын матчымызға шақырам. Пикеге не істейтінімізді жақыннан көрсін. Луис Фелипе Сколари: Бір кубокты ұтып алғың келсе, Пеле не айтса соны керісінше жасауың керек. Павел Недвед: Бір команда төменгі лигаға түссе, футболистер кетеді, адамдар қалады. Златан Ибрахимович: Бэкхэмның трансферімен бірге PSG күшті ғана емес, сымбатты команда болды. Кассано Антонио: Интерде ең жақсы досым Нагатомо. Өйткені бір бірімізді түсінбейміз. Сөйлейді, мен күлемін. Мен сөйлей бастасам ол да күле бастайды. Мехмет Демірқол: Технология, ұялы телефондар өте шапшаң дамуда, бірақ онан да тез дамып жатқан Бурак. Өткен жылы басымен ұра алмайды дейтін едік. Жоан Лапорта: Роналдудың Мессиден күштірек болатын жері тек компъютер ойындары. Ол да жақтас инженерлердің арқасында. Арда Тұран: Фалькао айып алаңынан ұшқан шыбын көрсе де ұстап алып қақпаға бағыттайды. Хави: Тіптен күнделікті өмірде оңға, солға қарап бос жер іздеймін. Жозе Моуриньо сезон басталғалы бері алаң шетіндемін деп шағынған Бенземаға: Мен әр матч сайын 90 минут алаң шетіндемін. Франк Райкард: Негізі барлығынан аз аздан бар түрік футболында. Бірақ еш нәрседен толығымен жоқ. Шота Арвеладзеге тілші: Соққан ең мықты голдарың қайсысы? Шота: Ұлым мен қызым. Христо Стоичков: Мені тоқтату үшін табанша іздейтін. Месииді тоқтату үшін пулемет керек. Джордж Бест: Ішуді тастадым деуге болады, иә. Ұйықтап жатқанда ішпеймін... Шенол Гүнеш: Футболды бұрын кедейлер ойнайтын, байлар көретін еді. Ал қазір болса байлар ойнайды, кедейлер көреді. Амокачиға комментатор: Үкімет мүшелерінің футболға қызығатыны жайлы не айтасыз? Амокачи: Қалыпты нәрсе, екеуіміз де трибуна үшін ойнаймыз. Эмре Белезоғлы: Мен қате бірнәрсе айтсам, адамдар мені қате түсінбесін. http://www.orjinalsozler.com/futbol-tarihinin-unutulmaz-sozleri сайтынан терген Ғалия СЕРІКҚЫЗЫ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Алдыңғы жаңалық
Екі аңыз