Жарнама
Жарнама

Футбол тарихындағы алғашқы ақылы фан-зоналар – Жанкүйерлер неге наразы?

Бүгін, 10:15

Әлемдік футбол тарихында жаңа кезең басталды. Енді жанкүйерлер фан-зоналарға кіру үшін де қалталарын қағуға мәжбүр, деп хабарлайды Aladop.kz.

 

Жарнама
Жарнама

Бұрын футбол мерекесінің ажырамас бөлігі саналатын бұл орындар тегін болатын болса, алдағы Әлем чемпионатында жағдай түбегейлі өзгермек.

Әдетте фан-зоналар қалалық саябақтарда ұйымдастырылып, матч кезінде кез келген адам үшін есігі ашық болатын. Бірақ АҚШ бұл дәстүрді бұзып, өзгеше жолмен жүруді ұйғарды. Мәселен, Нью-Джерсидегі Либерти Стэйт саябағында Мексика мен ОАР арасындағы тартысты бәсекені тамашалау үшін жанкүйерлер 12,5 доллар төлеуі тиіс. Осындай баға саясаты басқа да қоғамдық орындарда енгізіліп жатыр.

Бұған дейін де жанкүйерлер билет құнының шарықтап кеткеніне наразылық білдірген болатын. Алғашқыда билеттердің ең төменгі бағасы 240 доллардан басталған еді. Қоғамдық қысымнан кейін ФИФА жеңілдік жасап, бағасы 60 доллар болатын бюджеттік билеттердің шектеулі сериясын шығаруға мәжбүр болды.

Қазіргі таңда матчқа заңды билеттерді тек қана ФИФА-ның ресми сайтынан алуға болады. Алайда, сұранысты пайдаланған алаяқтар да іске кіріскен. Мысалы, Ресейде түрлі бейресми сервистер арқылы билет саудасы қызып тұр. Ондағы билеттердің ең төменгі құны 150 мың рубльге дейін жетеді. Мамандар жанкүйерлерді алданып қалмауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырып отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров