Қазіргі уақытта Түркияның "Фенербахче" клубында өнер көрсетіп жүрген Бразилиялық жартылай қорғаушы Андерсон Талиска, "Әл-Насрда" ойнаған кездегі әріптесі Криштиану Роналду жайында өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
"Мен командада өткізген екі жыл өте керемет болды. Бұл ғажап тәжірибе. Криштианумен бірге ойнау арман сияқты еді. Роналду футбол тарихындағы ең үздік ойыншы.” — деді Талиска Goal.com порталына берген сұхбатында.
Криштиану Роналду Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубына 2023 жылғы қаңтар айында қосылған.
Оның қолданыстағы келісімшарты 2027 жылдың маусым айында аяқталады.
2 айдан кейін 41 жасқа толатын оның трансферлік құны 12 миллион еуроға бағалануда.
Біздің серіктес: FONBET