Жарнама
Жарнама

Футбол тойы қайта басталмақ!

Ертең Қазақстан Премьер-лигасы басталады, одан бөлек, «Астана» Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчын өткізеді.
Жарнама
Жарнама

Футболдан Қазақстан Чемпионаты ертең, 18 тамызда қайта жалғасады. Бұл күні үш матч өтеді, төртінші тур 19-тамызда аяқталады. Сонымен бірге, елордалық клубтың Чемпиондар лигасына қатысуына байланысты «Тобыл» мен «Астана» арасындағы кездесу кейінге қалдырылды.

Премьер-лига. 4-тур - 18 тамыз

«Каспий» - «Қайрат»

Бұл жұптың фавориті айқын, дегенмен ақтаулықтар алматылықтарға біраз қарсылық көрсетеді деп үміттенемін. Ертеңгі матчта Вагнер Лав өзінің алғашқы дебютін өткізуі керек, одан «Қайраттың» жанкүйерлері бірінші матчтан-ақ тиімді ойын күтеді. Дегенмен, бразилиялық жұлдыздың чемпионаттағы ойынын сәтті бастай алатын шеберлігі жетіп артылады.

Жазғы трансферлік терезеде «Қайрат» күшейді деп айтуға болады, тіпті Еркебұлан Сейдахметті «Жетісуға» жалға жібергенін ескерсек те. Ал «Каспий» он ойыншымен қош айтысты. Олардың орнына бес ойыншы келді, бірақ команда күшейді деп айтуға келмейді, сондықтан Срджан Благоевичтің командасының ертеңгі матчта жеңіске жетуі мүмкін еместей көрінеді.

«Жетісу» - «Ордабасы»

Осы маусымда екі команда да үздік үштікке енуге ұмтылуда, екі клуб та Премьер-лигада төрт ұпай жинаған: Шымкенттік команда жетінші орында, Талдықорғандық команда қосымша көрсеткіштер бойынша сегізінші орында келе жатыр.

Бұл жекпе-жекте екеуінің де жеңіске жететін мүмкіндігі бар. "Жетісу" - қорғанысы мығым команда. Дегенмен, оларда нәтиже көрсете алатын шабуылшылар да жеткілікті. Сонымен қатар, осыған дейінгі өткізілген жолдастық матчтарда Дмитрий Огайдың шәкірттері қарсыластарына дес бермеді.

"Жетісу" жазғы трансфердік терезе кезінде, жоғарыда айтылғандай, «Қайрат» клубынан Сейдахметті жалға алды. Өзіне деген сенімділігі мықты Еркебұланның жарақаты жоқ болғандықтан, Талдықорған клубының шабуылына өзгеріс әкеледі.

Ал «Ордабасы» трансфер нарығында командаға ешкімді шақырмай, үнсіз қалды. Бірақ қорғаушы Марат Быстровты РПЛ-ға жіберді. Командада Мардан Төлебек секілді қорғаушылар бар екенін ескерсек, бұл клуб үшін шығын деп айтуға келмейді.

«Тараз» - «Қызыл-Жар СК»

Жазда "Қызыл-Жар" клубы үш ойыншысынан айырылып, тек қана «Иртыштың» бұрынғы ойыншысы Пабло Подионы қатарға қосты. Олармен салыстырғанда, тараздықтар өздерінің шәкірті Бауыржан Байтана мен шабуылшы Серж Ньюадзиді қайтарып, одан бөлек, Бауыржан Тұрысбек пен Рохер Каньясты шақырып, құрамды жақсартып алды. Бұл, әрине, Владимир Никитенконың шәкірттері бірден бәрін жеңеді дегенді білдірмейді, бірақ күші шамалас қарсыластармен болған матчтарда олардың фаворит болатыны анық. Бұл ойында олардың жеңілгеннен гөрі жеңіске жету мүмкіндіктері көбірек.

19 тамыз

"Шахтер" - "Қайсар"

Қызықты матч, турнирлік кестеде "Шахтер" клубы төртінші орында келеді, ал "Қайсар" болса бесінші орынға жайғасқан. Егер Қарағандылық клубтың асығы алшысынан түссе, екінші орынға көтерілуге мүмкіндігі бар, өйткені «Астана» және «Тобыл» матчты кейінге қалдырды. Алайда, «қасқырларды» жеңу оңай емес. Ия, «Қайсар» аз гол салады, бірақ бұл командаға ұпай жинауға кедергі келтірмейді.

Сонымен қатар, қызылордалықтар осы маусымда жеңілістің дәмін сезбеген санаулы командалардың бірі. Сондықтан бұл ойында бір команда жеңеді деп айту өте қиын. Матчтың нәтижесін бір ғана соққымен шешуі мүмкін екенін жоққа шығармаймыз, бірақ бұл соққыны қай команда жасайды деген сұрақ туындайды.

Трансферлік нарықта командалар қол қусырып отырған жоқ, керек емес ойыншылардан арылды және жаңа футболшылармен толықты. Бірақ олардың арасында Вагнер Лав сияқты ойыншы жоқ, сондықтан осы өзгерістерден кейін клубтардың күшеюі екіталай.

Сонымен қатар, ертең Чемпиондар лигасында Қазақстанның намысын қорғайтын жалғыз командамыз "Астана" сырт алаңда "Динамо Брестпен" кездесетін болады. Жеңімпаз бір матчтың нәтижесі бойынша анықталады. Тең ойын болған жағдайда қосымша уақыт пен пенальти сериясын да көруге мүмкіндік аламыз.

"Астана" соңғы бес ай бойы ресми матч өткізбегенін ескерсек, бұл матч елордалық клуб үшін қиынға соғайын деп тұр. Бірақ командада матч тағдырын бір сәтте шешіп кете алатын жігіттер де жеткілікті. Егер де "Астана" бірінші кезеңнен сүрінбей өтіп жатса, екінші кезеңге дейін Премьер-лигада ойнап, бабына келіп үлгереді.

Естеріңізге сала кетейік бұл матч ертең, 18 тамызда Нұр-Сұлтан уақытымен 00:00-де басталады. Сонымен қатар, жоғарыда аталған барлық матчтар Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров