Жарнама
Жарнама

Футбол тойының қызығы әлі алда

13.06.2012, 22:05
Жарнама
Жарнама

Украина және Польша жерінде өтіп жатқан Eуропа біріншілігі барша еліміздегі футбол жанкүйерлері үшін үлкен той болып отырғаны түсінікті. Көптен күткен құрлықтық дода кезінде әркім өзінің сүйікті командасына жанкүйер болып, нағыз футбол спектакльдеріне куәгер болып бір марқайатын сәт туды. Осы футбол тойының қалың жұртшылыққа сәтті өтуі үшін біз де асабалық қызметімізге кірісіп те кеткен жайымыз бар.

Алғашқы дода басталған күні-ақ, қала көшелерінде түрлі ұлттық құрамалардың жейдесін киген жанкүйерлердің қарасын көптеп кездестірдік. Тіпті, Еуро турнирі біздің Алматыда өтейін деп жатқандай әсерде қалдық. Осындай жағдайларды көргеннен кейін біз амалсыз жанкүйерлер қауымының алдында, барша Ұлттық арна көрермендерінің алдында футбол матчтарын керемет көңіл-күймен, қызықты қылып өткізуге тырысамыз.

Осы күндері Қазақстандағы кез-келген баспасөз құралы Еуро-2012 туралы күнделікті ақпараттар таратып, күндіз-түні эфирде соғылған голдарды көрсетіп, түгел газаттің бір бетін арнап мақалалар жазып, таң атысымен радиоларда кеше түнде болып өткен ойындардың нәтижелерін хабарлауда. Бір сөзбен айтқанда осы күндері біздер футболмен тыныстаудамыз десек артық айтқандық емес.

Әлеуметтік желілерде, жалпы ғаламтор бетінде де біздің байқауымызша барлық жаңалықтар да, өз парақшаларында ақпараттар жазып жатқан интернет белсенділер де осы дүбірлі доп додасы жайында өздерінің көрген- білгендерін жазып қалуда. Әзірге топтық кезеңнің алғашқы ойындары ғана өтіп жатқандықтан, жарыстың негізгі бөлігі алда деп ойлаймын. Сондықтан да, тойдың көкесі әлі алда деген сөз.

Алғашқы турлардың ойындарына қарап айтар болсақ, күтпеген нәтижелер кездесіп, әдемі соғылған голдарды көрудеміз. Жарыс жолы қысқара берген сайын ойындардағы тартыс та одан әрі күшйе бермек.

Ал енді осы турнирде кім жасындай жарқылдап көп гол салады дегенге тоқталатын болсақ, әрине ендігі екі голдан соғып қойған Алан Дзагоев, Марио Манджукич, Андрей Шевченко секілді ойыншыларды ерекше атап өткеніміз жөн. Бірақ десе де ең көп гол соғып, осы доданың бас мергені атанатын ойыншылар ретінде өз басым голландиялық Роббин Ван Перси мен ағылшындық Уэйн Руниді атап өтпекпін. Ал кім чемпион атануы ықтимал деген сауалға Голландия мен Англия құрама командаларының бірі деп айтар едім.

«Егемен Қазақстан»

Ермұхамед МӘУЛЕН

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров