15 қазан күні футболдағы былықтар жайлы отандық «Offside» туындының бірінші сериясы жарыққа шықты.
«Sәlem Entertainment шабуылға ұшырады
Бүгін, 16 қазан күні, YouTube-тағы «Пацанские истории» арнасына жаппай бот-шабуыл жасалды. Соның салдарынан «Offside» жобасының алғашқы бөлімі платформадан жойылды.
Сондай-ақ, «Offside» сериалының авторы Рүстем Омаровтың Instagram-парақшасы да бұғатталды.
Қазіргі уақытта Sәlem Entertainment командасы арналардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және «Offside» жобасының әрі қарай көрсетілімін жалғастыру үшін барлық шараларды жасап жатыр», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, кеше Қазақстанның ойдан шығарылған футбол чемпионаты туралы сериалдың тұсаукесері өтті. Алғашқы бөлім шыққаннан кейін тек Salem Social Media арналарына ғана емес, сонымен қатар басты рөлді сомдаған актер Рүстем Омаровқа да шабуылдар жасалды. Нәтижесінде оның Instagram парақшасы бұғатталды.
Біздің серіктес: FONBET